Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең ірі 7 банк

Әлемдегі ең ірі 7 банк

Банктік мекемелердің кызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банк аркылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады. Банк экономиканың бір жүйесі болып табылады. Сіздерге  көш бастап тұрған 7 әлемдік банктерді ұсынамыз.

Қытай Сауда-Өнеркәсіптік Банкі (ICBC)

Қытайдағы бүкіл банк секторының бестен бір бөлігін бақылайды.  Соңғы деректер бойынша Қытай Сауда-Өнеркәсіптік Банкінің активтері  3616 трлн долларды құрайды. Ал нарықтық капиталы 238 млрд доллар.

Банк (ICBC) 1948жылдан бастап жұмыс істеуде. Қазіргі таңда 460 мың қызметкер жұмыс істейді. Компанияның штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан. Компанияның 70% -дан астамы мемлекетке тиесілі болып табылады.

Қытай Сауда-Өнеркәсіптік Банкі (ICBC) The Banker рейтинг бойынша әлемдегі  ірі банктердің  ішінде бірінші орын тізгіндеп отыр. Сонымен қатар әлемдегі ең ірі компания ретінде Forbes Global 2000 тізімінде бірінші орында.

Қытай құрылыс банкі (China Construction Bank)

1954 жылы құрылған. Оның активтері 2939 трлн долларды құрайды. Нарықтық капиталы 200 миллиард құрайды.

2015 жылы нарықтық капиталы бойынша әлемдік банктердің ішінде екінші орын алды. Сонымен қатар алып жатқан аумағы боынша 6-шы орында.

Бастапқыда CCB банк мемлекеттегі елді мекендерде өзара есептесу үшін ұйымдастырылды. Алайда үлкен коммерциялық табысқа жетті. Қазір 372 мың қызметкерлер жұмыс істейтіен,бүкіл әлемде 14 мыңнан астам өкілдіктері бар. Штаб-пәтері  Пекиндегі Сичен ауданында орналасқан.

HSBC Holdings 

Лондондық HSBC Еуропадағы және әлемдегі ең ірі банк секторының конгломераттарының бірі болып табылады. Орта есеппен активтері  2,5 триллион долларды құрайды. Дегенмен банк Еуропа мен Қытай арасындағы өзара  есеп айырысу үшін ғана құрылды. Бұл қызметті  әлі күнге дейін атқарады. Қазір 10-нан аса еншілес  ұйымдары бар.  Штаб-пәтері Лонданда орналасқан. Банк директоры Стюарт Гулливер.

HSBC қызметі бес аймақтарда жүргізіледі: Еуропа, Азия (2014 жылдан бастап, Гонконг аймағында және қалған бөлігі Азияда ), Таяу Шығыс және Солтүстік Африка (MENA), Солтүстік Америка және Оңтүстік Америка 72 елдер мен аумақтарда барлығы  6100 кеңселерде). Банк банктік қызметтің барлық бағыттарын, жүзеге асырады оның ішінде активтерді басқару, есеп айырысу операциялары, жобалық қаржыландыру, банкноттарды шығару.

JPMorgan Chase

АҚШтағы жылдам дамушы банк және банк секторындағы ең ықпалды конгломераты. 2000 жылы бірненше ірі банктердің біріктіруінен құрылған. JPMorgan Chase штаб-пәтері Манхэттенде, Нью-Йорк қаласында орналасқан. Ол әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі болып табылады.

Қазіргі таңда JPMorgan Chase банк активтері 2449 млрд доллар. Сондай-ақ компанияның нарықтық капитализациясы  225 млрд долларды құрайды.

BNP Paribas

Қаржы, банк, сақтандыру қызметтері бойынша Еуропада көшбастап тұрған BNP Paribas 1999 жылы құрылды.Әлемдегі ең ірі алты банктың қатарында. Қазіргі кезде бүкіл әлем түкпірінде кеңселері бар. Ең ірі кеңселері Женевада, Париж, Лондон қалаларында орналасқан.

2010 жылы Global Finance журналының жариялағаны  бойынша әлемдегі сенімді 50 банк тізімінде. Банк 80 елмен бизнес жүргізеді оның ішінде Ресейде бар.Украинада  банк «УкрСиббанка» акцияларының 84,99% ие. BNP Paribas  инвестиция, активтерді басқару, сондай-ақ бөлшек сауда нарығы саласында белсенді операцияларды жүргізеді. Қызметкерлердің жалпы саны - (2015 жылы) 185 мың. Сонымен қатар банк акциясы CAC 40 қор биржасы нарығымен есептеледі. Бас атқарушы директоры - Жан-Лоран Боннаффэ. Банк активтерінде 2400 млрд доллар, ал нарықтық капиталында 73 миллиард доллар.

MUFG

Жапондық банктың активтері 2,3 триллион долларды құрайды. MUFG Жапондағы ең ірі банк. Кеңейтілген желі арқылы әлемдегі 40 елді мекендегі клиенттерге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2015 жыл «Global Finance» журналы ең үздік корпоративтік банк деп атады.

2005 жылы Жапониядағы екі ірі банктың бірігуінен құрылды. Штаб-пәтері Осака қаласында орналасқан.

BOA

Американдық қаржы конгломераты, жеке тұлғалар мен компаниялардың қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынатын АҚШ-тағы ірі банк холдингі. Forbes (2015) рейтингі бойынша  әлемдегі ең ірі компаниялар арасында 23 орынға ие. Компания барлық 50 штатта белсенді болып табылады сонымен қатар  басқа 35 елдерде де. Банктің 4700 филиалдары, 213.000 қызметкерлері мен 16000 банкоматтары бар. Оның штаб-пәтері Шарлотта Солтүстік Каролинада орналасқан. Америка банк активтері 2149 миллиард  долларды, ал нарықтық капиталы 163 миллиардты құрайды.

Жансая СОВЕТ "7"

Похожие материалы