Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең үлкен қонақ үй 

Әлемдегі ең үлкен қонақ үй 

Әлемдегі ең үлкен қонақ үй «First World Hotel» Малайзия астанасы Куала-Лумпур қаласында орналасқан. Ғимаратында 7351 бөлме бар. Соның арқасында Гиннесс рекордтар кітабына енген. Қонақ үйде қызметтің барлық түрі көрсетілетіндіктен, қаладағы ең танымал туристік орын болып саналады.

Эконом санатты қонақ үй 7 мыңнан аса бөлме, 28 қабатты екі ғимараттан тұрады. Кешен таулы аймақта, қала орталығынан 51 шақырым қашықтықта Genting Highlands  курортының аумағында орналасқан.  Бұл маңда тағы бес қонақ үй қызмет көрсетеді.

2006 жылдан бастап қонақ үйге жалпы саны 35,5 миллионға жуық адам келген. 2006-2008 жылдар аралығында ең үлкен қонақ үй атағына ие болып келген. 2009 жылы Лас-Вегастағы The Palazzo қонақ үйінің аумағы өскендіктен, екінші орынға түсті. Бірақ 2015 жылы First World Hotel толықтыру жұмыстарын жүргізіп, қасынан тағы бір корпусын ашты. Соның арқасында тізімде  қайтадан бірінші орынға көтерілді.

Инфрақұрылымындағы тағы бір ерекшелігі қонақ үйге дейін аспалы жол тартылған. Ол Азиядағы ең жылдам әрі ең ұзын аспалы жол атағына ие. Сондықтан First World Hotel-де демаламын десеңіз, аспалы жолмен баруды ұмытпаңыз. Егер автобуспен жету үшін 1 сағаттай уақытыңыз жұмсалса, арқан жолмен бар-жоғы 15 минутта жетесіз.

Келген туристердің көпшілігі қонақ үйдегі танымал казинода ойнауға және шоппинг жасауға асығады. Киім дүкендері, бассейн, тенниске арналған орын, гольф алаңы, боулинг, SPA, мейрамхана, караоке, театр, кинотеатр, фитнес орталығы - осының барлығы келушілерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге дайын. Оған қоса балалар мен ересектерге арналған аттракциондық парктер де бар.

[caption id="" align="aligncenter" width="710"]Әлемдегі ең үлкен қонақ үйі  Фото: s3-ap-southeast-1.amazonaws.com[/caption]

Әлемдегі ең үлкен қонақ үйі ретінде екінші орынға табан тіреген Лас-Вегастағы екі кешенді The Venetian және The Palazzo қонақ үйі. 53 қабатты ғимаратта 7117 бөлмесі бар. Танымал «Оушеннің он үш досы» («Тринадцать друзей Оушена») кинотуындысы дәл осы қонақ үйде түсірілген. Ал үшінші орында 6,8 мың бөлмесі бар бірнеше кешенді MGM Grand Las Vegas + The Signature қонақ үйі.

Похожие материалы