Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz — Азаматтық мәселелерімен және инвестициялық иммиграция саласында консалтингпен айналысатын Швейцарияның Henley & Partners фирмасы әртүрлі елдердегі азаматтардың еркін жүріп-тұру дәрежесі бойынша паспорттардың жаңа рейтингін ұсынды. Бұл туралы rb.ru хабарлады.
Соңғы бес жылдықта тізімде бірінші орынды Германия алған еді. Алайда 2018 жылғы рейтинг бойынша Жапония мен Сингапур көш бастап тұр. Қос мемлекет азаматтары 180 елге визасыз бара алады.
Германия азаматтары 179 елге визасыз қатынай алады. Бұл 2017 жылға қарағанда екі санға артқан. Солай ол екінші орында.
Ал үшінші орында Дания, Италия, Испания, Финляндия, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея тұр. Аталған мемлекеттер азаматтары 178 елге визасыз жүріп-тұра алады.
Ал, Қазақстан 66-орында. 73 елге визасыз шыға алу мүмкіндігі бар.
Тізімде соңғы орында Ауғанстан орналасқан. Бұл ел тек 24 елмен ғана визасыз қарым-қатынас жасай алады.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!