Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі ең бай адамдардың қатарына кіретін қазақстандықтар белгілі болды

Әлемдегі ең бай адамдардың қатарына кіретін қазақстандықтар белгілі болды

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жыл сайынғы рейтингін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық миллиардерлер де бар, деп хабарлайды 7kun.kz.

▪ Байлығы $5 миллиард болатын Владимир Ким әлемдік рейтингте 552-орынды және қазақстандық рейтингте бірінші орынды иеленеді.

▪ Тимур және Динара Құлыбаевалардың әрқайсысы биыл $1 миллиардтан табыс тапқан. Американдық сарапшылардың пікірінше, олар 3,8 миллиард долларға ие. Биыл олар 778-орында.

▪ Болат Өтемұратов биыл $600 миллион жоғалтып, 1096-орынға түсті. Қазір миллиардердің байлығы $2,8 миллиардпен бағаланады.

▪ РФ азаматы және ҚР резиденті Тимур Турлов бұл жолы әлемде $2,4 миллиардпен 1292-орынды иеленді.

▪ Вячеслав Ким $2 миллиардпен 1513-орында орналасты.

▪ Грузия азаматы және Қазақстан резиденті Михаил Ломтадзе $1,9 миллиардпен әлемдік рейтингте 1579-орынға ие.

Похожие материалы