Теңіз жүк тасымалының бағалары бір апта бұрын тарихтағы ең төмен бағамға түскеннен кейін қатарынан бес күн жоғарылап келіп, сәрсенбі күні тағы да өсті деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Дүние жүзі бойынша үйілетін және тиелетін жүктердің теңіздік тасымалдарының бағасын бақылайтын Baltic Dry кірепұлы бағасының индексі сейсенбі күнмен салыстырғанда 1,6%-ға көтеріліп, сауда қорытындысы бойынша 524 пункт болды.
Нәтижесінде индикатор 13 ақпаннан бастап ең жоғары мәнге жетті.