Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz — Лондон және Нью-Йорк биржаларында мұнайдың әлем бойынша бағасы әр түрлі болып отыр. Бұны сауда барысындағы көрсеткіштер растап отыр, деп жазады Gazeta.ru сілтей отырып Қазақпарат.
WTI маркілі жеңіл мұнайдың сәуір айына белгіленген фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,19 пайызға төмендеп, барреліне $53,23 құрады. Лондонның ICE Futures биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,23 пайызға өсіп, барреліне $56,03 құрады.