Соңғы уақытта сенімді эмитент мемлекеттердің бағалы қағаздарының табысы күнделікті төмендеп жатқанмен сұраныс артып келеді. Ал осындай облигацияларды жаһандық инвесторлар сатып алатыны белгілі. Алайда белсенді түрде сатып алушылардың кім екенін ерекше атап өтуге болады.
Шын мәнінде әлемдік облигацияларды жапондар жиі сатып алады. Бұған таң қалудың қажеті жоқ. Себебі Жапонияның өзінде мемлекеттік бондтардың кірісі айтарлықтай төмен. Сауда кезінде олардың бағасы - 0,3%-ға дейін төмендейді екен.
Vesti Finance агенттігінің жазуынша, жергілікті нарықта бағалы қағаздардың табысы аз болғандықтан инвесторлар көбіне шетелдік облигацияларды сатып алуға қызығушылық танытады. Осылайша жапондықтар борыш нарығына барынша араласпауға тырысады.
Төмендегі кестеде шетелдік бағалы қағаздарды сатып алудағы жапондық инвесторлардың белсенділігі көрсетілген. Олар қағаздарды сатып алу үшін 2,54 иен жұмсаған.
Осылайша жаһандық облигациялар табысының 0,4%-ға дейін төмендеуі жапондық инвесторлармен байланысты екенін көруге болады.