Экономика
Әлемдік экономикада қор индекстері төмендеп жатыр
Негізгі қор алаңында индекстердің осынша төмендеуі әлемдік экономикада 2008 жылдан бері байқалмаған еді.
Қытайлық Shanghai Composite 8,5 пайызға, гонконгтың Hang Seng Index — 4,64 пайызға, жапондық Nikkei — 3,5 пайызға, аустралиялық S&P/ASX 200 — 7,52 пайызға төмендеген.
АҚШ пен Еуропаның қор алаңдары да түсіп жатыр. Ресей нарығының жағдайы да сондай. Әлемдік сарапшылар осы айда қор нарығы үшін "қара апта" болды деп бағалауда.