Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдік кибершабуыл шығыны 121 млрд долларға жетеді - Сарапшы

Әлемдік кибершабуыл шығыны 121 млрд долларға жетеді - Сарапшы

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - Әлемдік экономикадағы кибершабуыл шығыны 15,6 млрд доллардан 121 млрд долларға дейін жетеді. Мұндай болжамды  Lloyd’s of London сақтандыру нарығының сарапшылары жасады.

"Ғаламдық кибершабуыл 53 млрд доллар экономикалық шығындарға әкелуі мүмкін. Бұл ірі табиғат апатының деңгейімен тең. Мысалы, 2012 жылғы "Сэнди" дауылы секілді", - делінді есепте.

Сарапшылардың айтуынша, ғаламдық кибершабуылдан жинақтық (облачный) сервистердің провайдерлері зардап шегеді. Осы арқылы хакерлер гипервизорды бұзып, бүкіл әлем жинақтағы мәліметтерге қол жеткізе алмайтындай жасай алады.

"Кибершабуылдар виртуалды болғандықтан, олардың үлкен оқиғаларға қалай әсер ететіндігін түсіну қиын болады", - дейді Lloyd's of London бас директоры  Инга Бил.

2017 жылдың мамырында 150 мемлекеттегі 200-300 мың компьютер WannaCry вирусымен зақымдалған. Хакерлер мәліметтерді қайта жаңғырту үшін 300-600 доллар қаржы төлеуін сұраған.

150-ден астам шабуыл жасалған компанияның басым бөлігі - украиндық компаниялар. Олардың қатарында Украина министрлігі мен басқармасының да сайты бар.

Похожие материалы