Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдік мұнай бағасы ХВҚ болжамынан кейін құлдырады

Әлемдік мұнай бағасы ХВҚ болжамынан кейін құлдырады
Алматы. 11 қазан. 7lun.kz - Brent маркалы мұнай бағасы баррелі үшін $82 болды. Астана уақыты бойынша сағат 9:30-да желтоқсан айындағы шикізат фьючерстері барреліне $81,58-ден сатылды. Бір тәулік бұрын қара алтынның құны баррелі үшін $85-дан асып тұрды. Халықаралық валюта қоры 2019 жылы әлемдік экономиканың құлдырауын болжады. Осы болжам мұнай бағасының төмендеуіне әсер етті. Әлемдік экономика АҚШ-тың басқа елдермен сауда соғыстары себебінен құлдырап жатыр. ХВҚ болжамы бойынша, мұнай бағасы барреліне $68 дейін төмендейді. Сауд Арабиясы мен ОПЕК+ қатысушы елдері мұнай өндіруді екі есеге ұлғайтты. Бұл жайт та мұнай бағасына өз әсерін береді.

Похожие материалы