Экономика
Әлемдік мұнай бағасы көтерілді
Алматы. 4 қазан.7kun.kz - Brent маркалы мұнай бағасы $86 жетті.
Астана уақытымен сағат 9:00-де мұнайдың бір баррелі $86,10 құрады(+1,5%). Соңғы рет мұндай өсім 2014 жылы 3 қарашада байқалды.
РБК-да жарияланған хабарламаға сәйкес, Иранның мұнай саудагерлеріне және мұнай компанияларына қатысты АҚШ-тағы шектеулер қарашаның басында жаңартылады.