Мұнай мен мыс бағасының құлдырауына байланысты әлемдік нарықтағы шикізат бағасы да алдағы жарты жыл ішінде 20%-ға төмендеп кетуі мүмкін деп болжам жасайды Goldman Sachs Group Inc экономистері.
Standard & Poor's GSCI-тың шикізаттың индексі соңғы 6 жыл ішінде АҚШ-тағы мұнай өндірісі азаяды деген ақпардың ықпалымен 8%-ға көтерілген. Бірақ елдегі өндіріс көлемі соңғы 30 жылдағы рекордты көрсеткішке ие болды, ал әлемдік масштабтағы мұнай көлемі сұраныстан тәулігіне 1-1,5 млн баррель көп.
Goldman Sachs экономистері S&P GSCI Enhanced Total Returns шикізаттық индексі алдағы бір тоқсанда 18%-ға, 6 ай ішінде 20%-ға төмендейді деп болжайды.
Ал АҚШ-тағы мұнай қоры тез арада көбейе түспек. 6 наурызға дейінгі 9 апта ішінде қор 449 млн баррельге дейін көтерілген деп хабарлайды энергетика саласындағы ақпарат бойынша Басқармадан. Елде өндірілетін мұнай көлемі 1983 жылдан бері рекорды деңгейді көрсетеді яғни 9,37 млн баррельді құрайды.