Экономика
Әлемнің беделді әйелдерінің рейтингі жарияланды
Германия канцлері Ангела Меркель Forbes журналы жасаған рейтингте әлемнің ең беделі әйелі деп танылды. Саясаткер осымен бесінші рет қатарынан алғашқы орында келеді. Екінші орын АҚШ президенттігіне үміткер Хиллиари Клинтон. Бұл жөнінде басылымының сайтында жарияланды.
Одан бөлек, үздік ондыққа Билл Гейтстің жары Мелинда, АҚШ-тың федералды резервтік жүйесінің басшысы Джанет Йеллен, General Motors бас директоры Мэри Барра, Халықаралық валюталық қор басшысы Кристина Лагард, Бразилияның президенті Дилма Русеф, Facebook директорлар кеңесінің мүшесі Шерил Сэндберг, YouTube басшысы Сьюзен Уожсики және АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама бар.
Әлемнің беделді әйелдерінің жүздігінің басым көпшілігі (59) Солтүстік Америкада тұрады. Рейтинге ең азы - африкандық әйелдер (4). Тізімге енген жалғыз ресейлік Орталық банктің төрағасы - Эльвира Набиуллина. Ол 71-орынға жайғасып, тіпті Шакирадан да басып озды. Әнші Шакира 81-орында.
Беделді әйелдердің жүздігін Forbes журналы 2004 жылдан бері жасап келеді. Рейтинг жасау барысында БАҚ-та ол туралы көп айтылуы және түрлі өмір салаларында қатысы есепке алынады.