Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Леонардо Ди Каприо мен ХВҚ басшысы әлемдегі ең ықпалды адамдар атанды

Леонардо Ди Каприо мен ХВҚ басшысы әлемдегі ең ықпалды адамдар атанды
Time журналы әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізімін жариялады. Бұл жылы рейтингті Халықаралық валюталық қордың басшысы (ХВҚ) Кристин Лагард ("Көшбасшы" санатында), голливудтық актер Леонардо Ди Каприо, рэп-орындаушы Ники Минаж ("Кумир" санатында), Facebook-тің бас директоры Марк Цукерберг және оның жұбайы Присцилла Чан ("Алыптар" санатында), актер Лин-Мануэль Миранда және үнді актрисасы, модель Приянка Чопра бастап тұр.  Сондай-ақ редакция тізімінде АҚШ президентіне кандидат Хиллари Клинтон, Берни Сандерс, Тед Круз және Дональд Трамп, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри және АҚШ президенті Барак Обама бар. Шетелдік лидерлерден Time ГФР канцлері Ангела Меркельді, Франция президенті Франсуа Олландты, Түркия көшбасшысы Реджеп Тайып Эрдоғанжы, "Панама құжаттарының" дауына іліккен Аргентина президенті Маурисио Макриді, КХДР президенті Ким Чен Ынды және РФ басшысы Владимир Путинді енгізген. Спортшылар арасында ең ықпалды ТОП-100 адам тізімінде "Формула-1" қазіргі чемпионы Льюис Хэмилтон және суға жүзуден 2012 жылғы олимпиадалық чемпион Кэти Ледеки бар.

Похожие материалы