Экономика
IT, Технология
Facebook-тан жаңалықтар cайттарына өтетіндер көбейген
Facebook әлеуметтік желісі жаңалықтар ресурстарына өту бойынша Google іздеу жүйесін басып озды. Бұл туралы интернет-трафик сараптамасымен айналысатын Parse.ly порталы хабарлайды.
Зерттеу 6 млрд қаралымға ие болатын және ай сайын 1 млрд-тан астам қолданушысы бар 400-ден астам ірі жаңалықтар сайтының (дәстүрлі БАҚ және онлайн-басылым) трафиктерінің сараптамасына негізделген.
Мамыр-шілде айларында әлеуметтік желілер арқылы (негізгі үлесін Facebook иеленеді) онлайн-медиаға 43 пайыз өту, ал Google арқылы 38 пайыз өту тіркелген.
Соңғы рет бұл көрсеткіште Facebook Google -ді 2014 жылдың қарашасында озған, бірақ ол кездегі айырмашылық айтарлықтай емес еді деп жазады Parse.ly
Сарапшылардың атап өтуінше, өзара айырмашылықты әлеуметтік желілердің үлесі тұрақты түрде өсіп келе жатқанымен, ал әлеуметтік желілердің үлесі сол күйінде қалғанымен түсіндіруе болады.