Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ли Куан Ю қайтыс болды

Ли Куан Ю қайтыс болды

Тәуелсіз Сингапурдың алғашқы премьер министрі, сингапурлық "экономикалық кереметтің" негізін қалаушы Ли Куан Ю қайтыс болды. Бұл туралы оның ұлы, елдің қазіргі премьер минситрі Ли Сянь Лун өзінің Твиттердегі микроблогында хабарлады.

"Премьер-министр Ли Сингапурдың алғашқы премьер-министрі Ли Куан Ю мырзаның қайтқандығы туралы терең өкінішпен хабарлайды", - делінеді хабарламада.

Экс-премьер ақпанның басында ауыр пневмония диагнозымен Сингапурдың орталық ауруханасына жеткізілді, мұнда ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Осы аптада 91 жастағы саясаткердің жағдайы нашарлап бара жатқандығы хабарланған еді.

Сингапурда елдің алғашқы премьер-министрінің қазасына байланысты ұлттық аза тұту күндері жарияланды. Ұлттық аза тұту 23 мен 29 наурыз аралығында өтеді. Осы мерзім ішінде барлық үкіметтік ғимараттарда мемлекеттік тулар төмен түсіріледі. 25 наурыз күні Ли Куан Юдің денесі парламент ғимаратына жеткізіліп, мұнда үш күн бойына Сингапур халқы елдің алғашқы премьерімен қошатаса алады.

Жерлеу рәсімі 29 наурыз күні 14:00-де (Астана уақыты бойынша 12:00) Сингапур ұлттық университетінің Мәдени орталығында өтеді.

Похожие материалы