Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлихан Смайылов Екатеринбургте ірі ресейлік бизнестің басшыларымен кездесті

Әлихан Смайылов Екатеринбургте ірі ресейлік бизнестің басшыларымен кездесті

Екатеринбург. 4 шілде. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ресейлік ірі компаниялардың басшыларымен кездесті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

«КАМАЗ» ЖАҚ бас директоры Сергей Когогинмен кездесу барысында жаңа жобаларды іске асыру, жабдықтарды жеткізу және коммерциялық техникаға қызмет көрсету орталықтарын іске қосу мәселелері талқыланды.

Сергей Когогин Үкімет басшысына компанияның қазіргі қызметі, бірлескен жобаларды іске асыру туралы хабарлап, «КАМАЗ» ЖАҚ-тың бұрын алған барлық міндеттемелерді орындауға дайын екендігіне сендірді.

ҚР Премьер-Министрі «КАМАЗ» компаниясымен бірлескен жобалардың Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы саласындағы өзара іс-қимыл бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан алғашқы жобалардың бірі екенін атап өтті.

«Бүгінде Қостанай индустриялық аймағының алаңында шойын қорыту зауытының және жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Бұл экология саласындағы үздік тәжірибелер мен стандарттарды ескере отырып жасалған жоғары технологиялық заманауи өндіріс болмақ», — деді Әлихан Смайылов.

Бұдан басқа, компания жүк техникасы өтетін жетекші көпірлердің тіректерін локализациялау деңгейін арттыру бойынша тағы бір ірі жобаны әзірлеп жатыр.

Премьер-Министр Қазақстанда қолайлы бизнес жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар тиімді жұмыс істеп, даму институттары жеңілдікпен несие береді және лизингтік қаржыландыруды жүзеге асырады, сондай-ақ инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау шаралары мен преференциялар заңнамалық түрде бекітілген.

«Русская медная компания» президенті Всеволод Левинмен болған кездесуде тау-кен металлургия саласында «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесіп жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Мәселен, «Ақтөбе мыс компаниясы» 2024 жылға дейін шамамен 190 млрд теңгеге жерасты кеніштерін салу бойынша 4 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Үкімет басшысы Қазақстанның тек шикізатты өндіруге ғана емес, сондай-ақ оны одан әрі қайта өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім өндіруге де мүдделі екенін атап өтті.

Похожие материалы