Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлихан Смайылов Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Әлихан Смайылов Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Мәжіліс Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады.

Оның кандидатурасын Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды. Мәжілісмендерге арнаған сөзінде ол Әлихан Смайыловтың қаржы саласында үлкен жұмыс тәжірибесі және қажетті басқарушылық құзыреті бар екенін атап өтті.

Мәжіліс Комитетінің мүшелері Әлихан Смайыловқа бірнеше сұрақ қойып, талқылаудан кейін тиісті шешімді қабылдады.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2018 жылы Қаржы министрі болып тағайындалды.

Похожие материалы