
Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz – Премьер-министр Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Үкімет қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып премьер-министр Смайылов Әлихан Асханұлы сайланды», – делінген ресми хабарламада.
Бұл қызметті бұған дейін Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде Директорлар кеңесінде қалады.
Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2022 жылдың 11 қаңтарында ҚР премьер-министрі лауазымына тағайындалды.