Лондон. 8 тамыз. 7kun.kz - Ұлыбритания Еуроодақтан шығуына байланысты туындайтын қаржылық мәселелерді реттеу үшін 40 млрд еуро төлеуге келісті. Бұл туралы Sunday Telegraph басылымы хабарлады.
Ал Брюссель Ұлыбританияның Еуроодақтан шыққаны үшін төленетін жарна сомасын 100 млрд еуроға бағалады.
Басылымның мәліметінше, Лондон Вrexit төлемі бойынша, шарт ретінде Ұлыбритания мен Еуроодақтың болашақтағы қарым-қатынасы туралы келісімнің басталғанын және сауда-экономикалық байланысқа қатысты талаптарын ұсынды.
Брюссельдің ұстанымдары бойынша, еркін сауда келіссөздері төлем мен келісім жасалғаннан кейін және Ұлыбританияда тұрып жатқан Еуроодаққа мүше Еуропа елдерінің азаматтарына қатысты мәселе шешілгеннен кейін ғана басталады.