Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Лондондағы жарылыстан 20 адам жарақаттанды

Лондондағы жарылыстан 20 адам жарақаттанды

Лондон. 15 қыркүйек. 7kun.kz — Лондон метросының «Парсонс Грин» стансасында жарылыстан 20 адам жарақаттанды. Бұл туралы LBC британдық радиостанциясы хабарлайды.

Жедел жәрдем жарақаттанған адамдарды ауруханаға жеткізді. Олардың кейбірінің денесін күйік шалған. Полиция жолаушыларды метро платформаларынан эвакуациялады. Лондондағы бірқатар стансалар жабылды. Оқиғаның неден болғаны анықталып жатыр.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы