Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлтаралық компаниялар Қазақстанға инвестиция құяды

Ұлтаралық компаниялар Қазақстанға инвестиция құяды
Астана. 26 қазан. 7kun.kz - Агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі «ASTANA AGRO FORUM – 2018» форумы аясында АӨК-ке инвестиция құю жөнінде дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.  Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е.Шөкеев, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, отандық және шетелдік инвесторлар (Farm Frites Beheer B.V, Grand Farm Meats, Hyundai Corporation және басқалар), салалық одақтар мен қауымдастықтар өкілдері, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер қатысты.Қазақстандағы аграрлық сектор басымдыққа ие салалар қатарына жатады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында еңбек өнімділігі мен қайта өңделген өнім экспортын 2,5 есе ұлғайту міндеті қойылған. Едәуір ресурстар мен өсімнің қорының болуы Қазақстанның әлемдегі ірі аграрлық өнім өндіруші, әрі экспорттаушыға айналуына мүмкіндік береді. Бұл мақсатты іске асыруда инвестиция маңызды рөл атқармақ. Бүгінгі таңда АҚШ-тың «AGCO», ирландиялық Dunbia компаниясы, итальяндық «Inalca» компаниясы, немістің «CLASS» компаниясы, Hyundai оңтүстіккореялық компаниясы сияқты ұлтаралық компаниялар Қазақстанға енгізіліп, жобаларды іске асыра бастады. Ауыл шаруашылық саласына құйылған инвестиция 14%-ға артты. Дөңгелек үстел барысында инвесторлар фри картобын өндіру жөніндегі зауыт құрылысы, ауылшаруашылық тракторларын шығару, ауылшаруашылық техникаларын құрастыру, қант өндірісі жөніндегі заманауи зауыттар құру, Түркістан және Жамбыл облыстарында жылыжай Агропарктері құрылысы жөніндегі жобаларымен таныстырды. Қазақстан тарабы АӨК-ті дамыту экономикалық және әлеуметтік зор мәнге ие екені, ол халықтың жартысына жуығының негізгі табыс көзі екені атап өтілді. Сонымен қатар тікелей шетелдік инвесторларды тарту және өзаратиімді негізде ауыл шаруашылығы саласында бірлескен өндірістер құру ерекше маңызды болып табылмақ. Қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерін және онда қайта өңделген өнімдерді ілгерлетуге, өндіріс, менеджмент және маркетинг процестеріне заманауи технологияларды тартуға қызығушылық танытатын шетелдік инвесторларға Қазақстан барынша қолдау көрсетуге мүдделі және дайын. Дөңгелек үстелдің соңында инвесторлар мен облыстардың әкімдіктері арасында Жол Карталарына қол қойылды.

Похожие материалы