Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz - «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша «ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасының қызметіне Дәмір Алтынбекұлы Егізбаев тағайындалды деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Дәмір Егізбаев 1980 жылдың 29 шілдесінде Алматы қаласында туған. Бельгиядағы Свободный университетінің Іскери басқару магистрі (МBA). Еңбек жолын 2004 жылы «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ менеджерінен бастаған. Кейін «Ұлттық инновациялық фонд» АҚ бас менеджері, «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ департамент директоры, «ҚазАгроИнновация» АҚ департамент директоры, «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың сараптамалық орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009-2011 жж. – «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары. 2011-2013 жж. – «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы. 2013-2016 жж. ҚР БҒМ «Технологиялар коммерциализациялау орталығы» ЖШС Бас директоры. 2017 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін «ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. «ҰАҒБО» КеАҚ ғылыми зерттеулер нәтижелері мен тиімді технологияларды АӨК енгізу және жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында 2015 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен құрылған болатын. Бүгінгі таңда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрамында 3 аграрлық ЖОО, 31 филиалдары бар 23 ғылыми зерттеу институттары, 7 тәжірибелік шаруашылықтар, 7 селекциялық станциялар, 4 сервистік компаниялар бар. «ҰАҒБО» КеАҚ ғылыми-білім беру мекемелері еліміздің барлық аймақтарын қамтиды.

Похожие материалы