
Бүгін Парламент Сенатында 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында, Ұлттық банк төрағасы депозиттер бойынша пайыздық ставкалар инфляция деңгейі 10% асатын болса көтерілуі мүмкін деді.
"Қазіргі таңда Қазақстандағы жылдық инфляция деңгейі 9,4% -ды құрайды. Тиісінше, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры бойынша ұсынылатын ең шекті сыйақы мөлшерлемелері 10%-ды құрайды. Сондықтан, қазіргі уақытта, бұл көрсеткіш макроэкономикалық жағдайларға сәйкес келеді. Инфляция қазіргі деңгейден жоғары көтерілсе, біз бұл сұрақты банктердің қаржылық жағдайы мен қаржылық тұрақтылық мəселелерін ескере отырып қарастырамыз",- деді бас банкир Д.Ақышев.
Фото: ortcom.kz