Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк қаржы секторының субъектілерін реттеу жұмысын жалғастырады - Д. Ақышев

Ұлттық банк қаржы секторының субъектілерін реттеу жұмысын жалғастырады - Д. Ақышев

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының жүзеге аса бастағанын хабарлады.

Ұлттық банк 2017 жылғы қыркүйекте жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейін төмендету және экономиканы кредиттеуді одан әрі ұлғайтуға жағдайлар жасау үшін, банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асыра бастады.

Сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында заңнамалық өзгерістердің жобасы әзірленіп, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қаралады.

Д. Ақышев заң жобасының сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға жағдайлар жасауға, сақтандыру қызметтерінің сапасын арттыруға және құнын төмендетуге, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, сақтандыру нарығының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Сөзін қорытындылай келе, қаржы реттеушісінің басшысы Үкіметтің және Ұлттық банктің қор нарығын дамыту жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары дайындалғанын атап өтті. Бүгінгі күні жоспар мемлекеттік органдармен келісіледі.

Похожие материалы