Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк: Қазақстандағы депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендеді

Ұлттық банк: Қазақстандағы депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендеді

Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz - Қазақстанда жеке  тұлғаларға арналған депозиттердің орташа ставкасы 12 пайыздан 11,8 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

Ол 2017 жылдың ақпанынан бері төмендей бастаған. Ал шетелдік валютадағы жеке тұлғаларға арналған депозиттің пайыздық мөлшерлемесі 2,6 пайыздан 2,4 пайызға қысқарды. Ал заңды тұлғаларға арналған депозиттің сыйақы мөлшерлемесі ұлттық валютада 10,5 пайыздан 10,2 пайызға, шетелдік валютада 1,6 пайыздан 1,4 пайызға кеміген.

2017 жылы ақпанның соңында депозиттердің жалпы көлемі 17 045,4 миллиард теңге болған. Бұл көрсеткіш қаңтар-ақпан айларын қосып есептегенде 6,2 пайызға аз. 

"Мұндай динамика шетелдік валютадағы депозиттің (11,5 пайызға) ұлттық валютадағы депозит (0,3 пайызға) көлемімен салыстырғанда  қысқаруына байланысты болып отыр", - деді қаржы реттеушісі.

Реттеуші ұлттық валютадағы депозиттердің көбеюіне жыл басынан бері  жеке тұлғалардың депозиттері 4,1 пайызға немесе 121,3 млрд теңгеге артқаны себеп болғанын айтады.

Похожие материалы