Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк Қазкомға 200 млрд теңге берді

Ұлттық банк Қазкомға 200 млрд теңге берді

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz - Ұлттық банк Қазкоммерцбанкке 200 млрд теңге бөлді. Бұл туралы LS жазды.

Банк ақпараттарына сәйкес, Қазком 2017 жылдың 9 ақпанында Ұлттық банктен корпоративтік мақсатта 200 млрд теңге алған. Қаражат нарықтық шарттарға байланысты кредиттік желі негізінде беріледі.

«БТА-ның токсинді активтеріне қатысты мәселені шешу үшін Қазкоммерцбанкке қаржылай көмектесу керек». Мұны акционерлер мен проблемалы кредиттер қоры өз мойнына алуына болады. Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Марк Хортон осындай мәлімдеме жасаған еді.

«Қаражатты проблемалы кредиттер қоры бөлу керек. Біздің ойымша, акционерлердің өздері де қаржылай қолдау білдіруі тиіс. Егер акционерлер қаржы бөлмесе, мемлекеттің қаражатын алуға тура келеді. Бірақ ол Ұлттық банк пен зейнетақы қорынан емес, мемлекеттік бюджеттен бөліну керек. Осы арқылы бұл банк Қазақтандағы серіктес болуға лайықты мықты банк бола алады», — деген еді ХВҚ өкілі.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы үкіметтің отырысында орталық банк елдің қаржы секторын жаңартып, банктердің кредиттік белсенділігін қайта қалпына келтіруге кірісетінін хабарлаған еді.

Ал 13 ақпан күні Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков банк саласын жақсарту үшін проблемалы кредиттер қорына 2 трлн теңге бөлінетіні белгілі болды.

 

Похожие материалы