Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк басшысы АҚШ доллары туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Ұлттық банк басшысы АҚШ доллары туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz - Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев әлемдік айналымнан қолма-қол АҚШ долларының алынып жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Жақында бірнеше БАҚ бетінде Федералды резерв жүйесінің айналымнан АҚШ долларын алып жатқаны туралы ақпарат шыққан болатын. Тіпті айына 10 млрд АҚШ доллары алынған деген дерек пайда болды.

«Мен тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын. Қазіргі таңда ФРЖ жаңа саясаты туралы ақпарат ресми түрде жарияланған жоқ. Ол тек кейбір БАҚ беттеріне шықты. Тіпті, ол қауесет рас болған күнде, бұл сома әлемдік жағдайды айтпағанда, АҚШ-тың нарығы үшін де елеусіз сома. Сондықтан біздің экономикаға оның ықпалы болмайды», - деді Данияр Ақышев.

Сондай-ақ ол АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының Қазақстан экономикасына қалай ықпал ететіні жайлы айтты.

«Бұл үдерістің Қазақстан экономикасына ықпалы бейтарап болады деп бағалап отырмыз. Әлемдік шикізат нарығындағы көрсеткіштер тұрақты болса, Ресейге салынған санкциядан келетін шығындар өте аз болады», - деді Ақышев.

Ал теңге бағамы құбылмалы болған кезде интервенция жүргізілгенін айтудан бас тартты.

Похожие материалы