Экономика
Ұлттық банк: Данияр Ақышев ұсталды деп жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz - Ұлттық банк Данияр Ақышевтың ұсталғанына қатысты жалған ақпараттың таралуына байланысты құқық қорғау органдарына шағым түсіреді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Қаржы институты бас банкир Данияр Ақышевтың ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазіргі уақытта төраға жұмыс орнында. Біз бұл ақпаратты жоққа шығарамыз. Мұндай жалған ақпаратты таратқандарға қатысты Ұлттық банк құқық қорғау органдарына шағым түсіретін болады", - деді ҚР Ұлттық банкінің қаржы қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.