Экономика
Ұлттық банк доллардың 240 деген курста қалуы ыңғайлы және қалыпты деп есептейді
Ұлттық банкте доллардың 240 теңге деген курста қалуын қалыпты және ыңғайлы деп есептеп, басқа күрт өзгерістер күтпейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов мәлімдеді.
"Біз халықты мерекені уайымсыз тойлап, теңгенің жаңа курсын іздемеуге шақырамыз. Апта ішінде доллар курсы 240 теңге шамасында болды және мұны ыңғайлы, қалыпты деп білеміз. Қыркүйектің басында қандай-да бір күрт өзгерістер болады деп ойламаймыз", - деді ол.
Оның атап өтуінше, жылдың соңына дейін қаржы реттеуіші техникалық комитеттің 4 отырысын жоспарлаған. Біріншісі 2 қыркүйекке белгіленді. Осы кеңестің аясында Ұлттық банктың экономикалық жағдай бойынша және қаржылай нарықтағы операциялар жүргізілетін базалық мөлшерлеме бойынша бағыттары белгіленетін болады.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков өз кезегінде Қазақстандағы валюта курсы барлық демалыс күндер үшін де белгіленетіндігін яғни Конститутция күні қарсаңында белгіленген курстың келесі аптаның сейсенбісіне дейін қалатындығын атап өтті.