Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - ҚР Ұлттық банкі басшылығы Халық банкіне "Қазкоммерцбанктің" ЕБ акциларын сатып алуына рұқсат етті. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін ұлттық банк басшылығы Казкоммерцбанк банктік холдингінің статусын алуға рұқсат берген болатын. Халық банк Кеңес Рақышев пен "Самұрық Қазына" мемлекеттік қорына тиесілі Қазком акцияларын сатып алады.
Алдағы уақытта Қазком Халық банкі есебінен жеткілікті капитал деңгейіне жеткенше капиталын толықтыруы мүмкін. Докапитализация көлемі Ұлттық банк пен Халық банк жүргізетін кешенді тексеру нәтижесінде белгілі болады.
"Докапитализация көлемін есептесек сатып алынатын акция номиналды көлемді құрайды. Оның әрбір пакеті 1 теңге болады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, 24 мамырда Данияр Ақышев Қазкоммерцбанк пен Халық банкі сатып алу туралы келісім-шартқа қол қоятындығы туралы айтқан болатын.
2017 жылғы 2 маусымда ҚР Үкіметі (ҚР Қаржы министрлігі арқылы), ҚР Ұлттық Банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Самұрық-Қазына»), «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ («Халық Банкі»), «БТА Банкі» АҚ («БТА Банкі»), «Казкоммерцбанк» АҚ («Казкоммерцбанк») және оның ірі акционері К.Х. Рақышев мырза арасында Негіздемелік келісімге (бұдан әрі - «Келісім») қол қойған.