2015 жылғы 8 қазанда Ұлттық Банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың сауда-саттығында 111 млн АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізуін жалғастырды. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жазылған.
Еске салайық, интервенция 16 қыркүйектен басталып, Ұлттық банк биржадағы сауда 144 млн доллар салған еді. Бұл саясат әлі де жалғасып жатыр.
Еліміздегі басты банктың теңге курсын қолдау үшін жұмсаған қаржысының жалпы көлемі 1,5 млрд доллардан асып кетті. Қазір қор биржасындағы доллар бағамы 274,41 теңгені құрайды. Ал кейбір айырбастау пунктері мен банктерде долларды сату 275,35 теңгемен белгіленген. Осыған дейін хабарланғандай, реттеуіш сауда барысына айла-шарғы операцияларына байланысты араласуға мәжбүр болды. Банктың мәлімдеуінше, интерциясыз ұлттық валютаның долларға қатысты курсы 350 теңгеден асып түсуі мүмкін еді.