Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк интервенция жүргізуін тағы да жалғастырды

Ұлттық банк интервенция жүргізуін тағы да жалғастырды

2015 жылдың 29 қыркүйегінде Ұлттық банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) саудаларында валюталық интервенция жүргізуін жалғастырды. Бұл жолғы интервенция көлемі 137,5 млн долларды құрады деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан 20 тамыздан бастап теңге курсының еркін айналымына өткені белгілі. Осы кезден бері теңге бағамы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды есепке алғандағы ұсыныс негізінде қалыптасып келеді. Десе де, қыркүйекте теңге бірнеше "антирекордтар" орната бастады. 16 қыркүйек күні долларды сату бағасы 301 теңгеге жетті. Осы ретте Ұлттық банк бұл жағдайға араласпай қоя алмады.
«Теңге курсының құбылмалылығы өсіп кетуіне байланысты, Ұлттық банк 16 қыркүйектен бастап ішкі валюталық нарық жағдайын қалыпқа келтіру мақсатында валюталық интервенция жүргізуге шешім қабылдады», – делінген сол күнгі Ұлттық банк таратқан хабарламада.
16 қыркүйек күні Ұлттық банк 144 млн доллар, 17 қыркүйекте – 270,4 млн доллар, 18 қыркүйекте – 67,2 млн доллар, 21 қыркүйекте – 213,1 млн доллар, 25 қыркүйекте – 41,95 млн доллар көлемінде интервенция жасалған еді.

Похожие материалы