Экономика
Ұлттық банк интервенциялауға 20 миллион доллар салды
Қазақстанның Ұлттық банкі кезекті теңге бағамын қалыпты ұстау үшін валюта интервенциясын жүргізді. Бұл туралы қаржы реттеушінің баспасөз қызметі хабарлады.
6 қазан күні Ұлттық банктің KASE-дегі саудасы 20 миллион долларды құрады. Қаржы реттеуші жалпы теңге курсына араласу барысында 1,3 миллард доллар қаражат жұмсады. Алдыңғы интервенциялар қаркүйек айының 30-ында- 225 миллион доллар, 29 қыркүйек- 137,5 миллион доллар, 21 қыркүйек- 213,1 миллион доллар, 18 қыркүйек - 67,2 миллион доллар, 17 қыркүйек - 270 миллион доллар және 16 қыркүйек - 144 миллион доллар болды.
Ұлттық банк теңге бағамына нарықта алыпсатарлырдың пайда болғанынан араласты. Сол күні доллар бағамы 300 теңгеден асқан болатын. Ұлттық банк нарыққа аралысқаннан бері шетел валютасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Қазірге дейін осы көрсеткіштің төңірегінде ұстап тұр. Сарапшылар сондай-ақ ұлттық валюта құнын сақтау үшін қаржы реттеуші пайдаланып отырған қаражат айтарлықтай көлемді екенін ескере отырып, теңге бағамының осы көрсеткіште ұзақ уақыт сақталатынын айтты.