Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы бағдарламаны бекітті

Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы бағдарламаны бекітті

Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы бағдарламаны бекітті деп хабарлайды ведомстваның баспасөз-қызметі.

Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мақсатында Ұлттық банк "Проблемалы несиелер қорының" капиталын 130 млрд теңгеге ұлғайтты. Бұл қаржы ипотекалық және ипотекалық тұрғын-үй несиелерін қайта қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерге орналастырылады.

Ұлттық банк "Проблемалы несиелер қорының" салымдарын екінші деңгейлі банктерге орналастыру шарттарын атап өтеді. Жекелей алғанда, салым мерзімі 20 жыл, ал сыйақы мөлшерлемесі  2,99% құрауы қажет. Салымдар теңге түрінде орналастырылады.
Қайта қаржыландыруға 2004 жылдың 1 қаңтары мен 2009 жылдың 31 желтоқсаны аралығында алынған несиелер жатады. Қарыз бойынша қалдық 36 млн 470 мың теңгеден аспауы қажет. Қайта қаржыландыру кезінде халықтың әлеуметтік әлсіз тобына басымдық беріледі. Қайта қаржыландырған несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3%-дан аспауы қажет.  

Похожие материалы