Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк Владимир Кимге Bank RBK-нің үлескері болуға келісім берді

Ұлттық банк Владимир Кимге Bank RBK-нің үлескері болуға келісім берді

Астана. 1 тамыз. 7kun.kz -  Қазақстанның Ұлттық банкі кәсіпкер Владимир Кимнің "Bank RBK"-ның ірі үлескері статусын иеленуіне келісім берді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

KAZ Minerals PLC тау-кен қазу компаниясының президенті әрі негізгі акционері - Владимир Кимге жарғылық капиталдың 10 пайыздан астамы беріледі. Қазақстан қор биржасының 1 шілдедегі мәліметінше, Bank RBK акцияларының 6,75 пайызы Владимир Кимге тиесілі.

2017 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша, банк активтері 997,9 млрд теңгені құрады; қарыздық қоржын - 737,3 млрд теңге, тұтынушылардың салымы - 573,8 слрд теңге, оның ішінде жеке тұлғалар салымы - 184 млрд теңге. Банктың жеке капиталы - 96 млрд теңге, жарғылық капитал - 64,4 млрд теңге болды. Сонымен қатар, алғашқы жарты жылдағы банктік табыс - 2 млрд теңге.

Ұлттық банктың хабарлауынша, 2017 жылдың  бірінші тоқсанында Bank RBK қазақстандық 33 банктер арасында активтері мөлшері бойынша 10-орынды иеленді. Қазіргі уақытта Bank RBK мен Qazaq Banki бірігу жұмыстарын жүзеге асырылып жатыр. Біріккен қаржы институты Bank RBK бренді атымен жұмыс істейтін болады.

Bank RBK акционерлері (2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай):

"Фонд-инвест" мүліктерін басқару дирекциясы"  ЖШС - 19,04 пайыз;

Фарид Люхудзяев - 9,53 пайыз;

Темир Джумаев - 9,25 пайыз;

Динмухамет Идрисов - 7,52 пайыз;

"Нұр-Экспорт НС" - 6,97 пайыз;

В.Ким - 6,75 пайыз;

Уалихан Нурмухамедов - 6,74 пайыз;

Бахаридин Аблазимов - 5,5 пайыз;

Игорь Мажинов  - 5,51 пайыз.

Похожие материалы