Алматы. 18 қазан. 7kun.kz - Ұлттық банк пен Қазақстан Үкіметі криптовалютаны айналысқа шығарудың қазақстандық тәсілін әзірлеп жатыр деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Қазіргі уақытта Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп криптовалютаны шығаруға және айналысқа жіберуге қазақстандық тәсілді әзірлеп жатыр",-деді Ұлттық банк төрағасы.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ссы процестің күрделілігі криптовалюталардың ерекшелігінде, олардың ұлттық валютадан жоғары сипаты бар. Сондай-ақ басқа біреудің, оның ішінде мемлекеттің міндеттемесі немесе кепілдігі болмайды.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Парламент Мәжілісінің "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан республикасы заңының жобасын таныстыру бойынша отырысында журналистердің сұрақтарына жауап берген кезде айтып өтті.