Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк құнды қағаздарды сатып алу, сатуға арналған қосымшаны іске қосады

Ұлттық банк құнды қағаздарды сатып алу, сатуға арналған қосымшаны іске қосады

Астана. 4 шілде. 7kun.kz - Ұялы қосымша 2017 жылдың соңына дейін іске қосылады және тегін болады. Қазіргі уақытта жасау жұмыстары жүріп жатыр.

Қосымша қазақстандықтарға құнды қағаздармен онлайн сауда жасауға мүмкіндік береді.

Төлем жүйесі департаментінің директоры Ерлан Ашықбаевтың айтуынша, қаржы қызметінің қолжетімділігі қолданушылар үшін өте тиімді. Қазір бұл бағдарлама ішкі тестілеуден өткізіліп жатыр. "Блокчейн" технологиясы әрбір мәміле мен әр транзакциядағы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.

Жобаның басты міндеті - халыққа қаржы қызметінің қолжетімді болуы, әсіресе, Қазақстанның шалғай аудандары үшін.

Соңғы бес жыл ішінде қашықтықтан қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге ұлғайған. 6,5 млн қазақстандық мобильді банкингті пайдаланады.

Похожие материалы