Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк Qazkоm мен Халық банк арасындағы келісімге қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк Qazkоm мен Халық банк арасындағы келісімге қатысты пікір білдірді

Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz - «Халық банк» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ арасындағы келіссөздердің басталғандығы туралы Ұлттық банкке банктердің менеджменті мен акционерлері хабарлаған. Бұл туралы ҚР ҰБ төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді.

Оның айтуынша, банктер арасындағы келісім нақты жүзеге асырылғанға дейін екі тарап Ұлттық банктің келісімін алуы тиіс. Бұдан бөлек Ұлттық банк қаржы институттарының барлық депозиттері мен кредиторларының мүдделерін қорғай алатын, банк бизнесін тұрақты дамытуға қаржысы бар ірі акционерлерге ғана келісім бере алады.

"Қаржы нарығындағы жаһандану және интеграциялық процестердің күшеюіне байланысты банк секторының шоғырлану тенденциясы көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда да қалыптасқан», - деді Олег Смоляков.

Оның сөзінше, Ұлттық банк банк секторының қаржылық тұрақтылығын және банктер тарапынан заңнаманың қатаң сақталуын әрі қарай бақылап отырады.

Похожие материалы