Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың БЖЗҚ директорлар кеңесіне мүше болуына қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың БЖЗҚ директорлар кеңесіне мүше болуына қатысты пікір білдірді
Ұлттық банктің экс-төрағасы Қайрат Келімбетовтың Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесіне мүше болуы туралы шешім ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша ҚР Қаржы министрлігі жіберген хат негізінде қабылданған. Яғни, Үкімет министрлікке тапсырма берген, министрлік Ұлттық банкке хат жолдаған. Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты. Кездесу барысында журналистердің бірі "Келімбетов мырзаның БЖЗҚ директорлар кеңесіне кіруінде қандай логика бар?" - деп сұраған еді. Ұлттық банк төрағасы өз кезегінде "Бұл сұрақты үкіметке жолдасам бола ма? Бізге бір күн ішінде Келімбетов мырза мен Бекетаев мырзаны БЖЗҚ директорлар кеңесіне кіргізу туралы хат келді. Мұндай шешімді Ұлттық банктің басқармасы қабылдайды. Тура бірнеше күннен кейін бізде директорлар кеңесінің отырысы өтті. Біз жоғарыдағы хат негізінде жедел түрде шешім қабылдадық", — деді Данияр Ақышев. Айта кетейік, Қайрат Келімбетов маусым айының басында БЖЗҚ директорлар кеңесіне мүше болған еді. Келімбетовтың өзі журналистерге бұл шешімді "менің мұндағы міндетім әзірбайжан банкіне салынған қаражатты толық қайтару", деп түсіндірген еді.      

Похожие материалы