Экономика
Ұлттық банк валюта дәлізін 1 долларға шаққанда 198 теңгеге дейін кеңейтті
Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов валюта дәлізі 198 теңгеге дейін кеңейтілшені туралы хабарлады. Бұл туралы ол Астанада өткен брифинг кезінде мәлімдеді.
"Біз валюта саясатымыз барынша тұрақты деп есептейміз. Жалпы алғанда валюталық дәліз саясаты біршама ыңғайлы және сындарлы. Мұнда долларға қатысты айырбастау бағамы өзінің шекарасына жеткендігін ескердік. Инфляциялық шектеудің орта мерзімді перспективасына өту аясында иілгіш және бірқалыпты курс қалыптастыруға өту үшін Ұлттық банк айырбастау бағамының құбылу дәлізін 185+3/-15-тен 185+13/-15-ке дейін ұзарту туралы шешім қабылдады", - деді ол.
Қ.Келімбетов қазіргі валюталық саясат өзгермейтінін де атап өтті.
"Сіздер бағамның бірінші жартыжылдықта құбылып тұрғандығын байқадыңыздар. Желтоқсанда 182 теңге, бүгін 187 теңге болды. Шамамен осы құбылу диапазоны сақталады. Бірақ біз дәлізді +13/-15-ке дейін кеңейтеміз. Яғни долларға шаққанда теңге 170-198 теңге болады. Бұл дәліз Қазақстан айналасында қандай да жағымсыз сценарий дамығанына қарамастан осы шеңберде құбылып тұруға мүмкіндік береді. Мұнай бағасында өзгерістер болса да, қазіргі саясат өзгермейді", - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, 2015 жылдың басынан бері теңге 2,5%-ға әлсізденген.
"Қазір бізде долларға шаққанда 187 теңге деген бағам болғандықтан мен үлкен өзгерістер болады деп ойламаймын. Менің есептеуімше, бізде жоғарылатылған сұраныс тудыру үшін себеп жоқ. Теңге осы диапазонда құбылып отырады", - деп түсіндірді Қ.Келімбетов.
Реттеуіштің басшысы қазіргі дәліздің өткен жылдың ақпанында және 2014 жылдың қыркүйегінде орнатылғандығын және ұзақ уақыт бойы нығайту қызметін атқарып келгендігін атап өтті.
"Қазіргі саясатқа байланысты қабылданған жаңа дәліз бізге ұзақ уақыт қызмет көрсететін болады", - деп сенім білдірді Қ.Келімбетов.