Экономика
Ұлттық банк және үкімет "Астана" қаржы орталығын құру жөніндегі жоспарды мақұлдады
Үкімет пен Қазақстанның Ұлттық банкі ұзақ мерзімді перспективада "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру және дамыту жөніндегі бірлесіп атқарылатын әрекеттердің жоспарын мақұлдады деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Құжат сейсенбі күні үкімет отырысында мақұлданды.
Бұған дейін
хабарлағанымыздай, Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру туралы үкімге қол қойған болатын.
Үкімге сәйкес, үкімет Ұлттық банкпен біреге отырып 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін парламенттің қарауына орталықтың құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар орталық қатысушыларының арасындағы қатынастарды дүниежүзілік жетекші қаржы орталықтарының стандарттары, ағылшын құқығының принциптары мен нормалары негізінде реттеуді, сондай-ақ орталықтың іс қағаздарын жүргізуде және сот ісін жүргізуде ағылшын тілін пайдалануды қарастыратын заң жобасын ұсынуы тиіс.
Бұған қоса, заң жобасы мына бағыттарды қарастыруы тиіс: дауларды қарастырған кезде орталықта шетелдік төрешілердің жұмылдырылуымен, сондай-ақ инвстициялық дауларды қарастыру құқығына ие қаржылық сотты құру; орталық қатысушыларын 10 жылға орталық аумағында алынған табыс бойынша корпоративтік табыс салығынан және дивидендтер түрінде алынған табыс бойынша, сонымен қатар орталық қатысушылары қызметкерлерінің табысы бойынша төлем көзіне салынатын жеке табыс салығынан босату; тәуелсіз ислам құнды қағаздарын шығару үшін жағдайлар жасау; орталық қатысушыларына рұқсат алусыз шетелдік жұмыс күшін тартуға мүмкіндік беру.