Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктің қайта қаржыландыру бағдарламасы 1 сәуірде аяқталады

Ұлттық банктің қайта қаржыландыру бағдарламасы 1 сәуірде аяқталады

Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz — Ипотекалық кредиттерін қайта қаржыландырудан үміткер қазақстандықтар асығуы қажет, банктердің мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржыны игеру уақыты 2017 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» басылымындағы «Ұлттық банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді» атты арнайы жобада жазылған. 

Ұлттық банк хабарлауынша, реттеуіш ипотекалық борышкерлердің өтінішін зерттеп, 2004-2009 жылдар аралығында кредит алған клиенттерге көмектесу туралы шешім қабылданған. Себебі дәл осы период аралығына проблемалы кредиттердің үлесі басымырақ келеді.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша бағдарламаның ашық болуы үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Құрамында Ұлттық банк мамандарынан бөлек мемлекеттік орган, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік өкілдері кіреді. Олар борышкерлерге көмек көрсету үшін оларға арнайы критерий белгіленген. Нақты айтқанда, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 36,5 млн теңгеден аспайтын қарызы бар ипотекалық борыш иелеріне көмек көрсетіледі.

Қазір Ұлттық банк ұсынысы арқылы, қаржыландыру бағдарламасына қатысатын борышкерлер салық төлеуден босатылған. 2017 жылдың 1 наурызында банктерге ипотеканы қаржыландыруға 27 099 өтініш берілді, оның ішінде 123,8 млрд теңгеге 20 473 өтінішке көмек беру туралы шешім қабылданды.

Еліміздің басты банкінің атап өтуінше, бағдарлама үшін берілген қаржыны игеру уақыты 2017 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Дегенмен бұл мерзімнен кейін де ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру мүмкіндігі бар.

Похожие материалы