24 наурыздағы сауда нәтижесінде эмитенттің (Ұлттық банк - ред.) құнды қағаздары отандық биржада 3,2 пайызға өсіп, оның бағысы 56,78 теңгені құрады.
Лондон биржасында да аздаған өсім байқалды (+0,28%).
Cонымен бірге, KASE-де "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" мен "ҚазТрансОйл" акциялары да 0,1 пайызға қымбаттап жасыл аймақта қалды.
KASE-нің басқа эмитенттерінің акциялары өткен аптада құнын жоғалтты. Мысалы, KAZ Minerals 5,2 пайызға арзандап, қағаздарының құны 1913 теңге болды. Артынша, Kcell (-1,3%) мен "БАСТ" (-0,9%) акциялары да төмендеді.
Жалпы алғанда KASE индексі 0,51 пайызға түсіп, 1565,20 пункті құрады.