Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктің интервенциялауға жұмсаған қаржысы 1 млрд доллардан асты

Ұлттық банктің интервенциялауға жұмсаған қаржысы 1 млрд доллардан асты

Ұлттық банк Қазақстан қор биржасында (KASE) валюталық интервенция жүргізуін жалғастыруда. Жалпы көлемі 1 млрд 157,65 млн долларды интервенциялауға жұмсады. Бұл туралы LS хабарлайды.

2015 жылдың 16 қыркүйгінде Ұлттық банк нарыққа 144 млн салып интервенция жүргізуін бастаған болатын. Бұл саясат 17-қыркүйекте $270,4 млн, 18-қыркүйекте - $67,2 млн, 21 қыркүйекте - $213,1 млн, 25-қыркүйекте - $41,95 млн, 28 қыркүйекте - $58,8 млн, 30- қыркүйекте - $225 млн салынып жүргізіліп отырды. Осылайша теңге бағамын реттеп отыру үшін $1 млрд 157,65 млн қаржы жұмсалды. 12071659_439831269537761_1744560458_n  

Похожие материалы