Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы 6,8 млн транзакция жүргізілген

Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы 6,8 млн транзакция жүргізілген
Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы 142 трлн теңгеге 6,8 млн транзакция жүргізілген деп хабарлайды басқарма баспасөз қызметі.  Орташа бір тәулік ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 3,5 трлн теңге сомаға 166,8 мың транзакция жүргізілген. 2018 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың көлемі 2,6 трлн теңге сомаға тең.  Ал жалпы 98,6 млн. транзакцияны құрады. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 26 банк пен «Қазпошта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 19,6 млн бірлік болды. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі төмендегідей: 9,7 мың банкомат, 130,0 мың POS-терминал, 869 банк дүңгіршегі болды. 2018 жылғы 1 наурызда Қазақстанда төлем жасауға төлем карточкаларын қабылдайтын 81,3 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді, бұл 2017 жылғы 1 наурыздағы олардың санынан 18,8 пайызға асты. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 8 тіркелген ақша аударымдары жүйесі және ақша аударымдарының өзге жүйелері жұмыс істейді. 2018 жылғы қаңтар-ақпанда халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 82,4 млрд теңге сомаға 0,4 млн аударымды құрады. 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің өсуі 67,2 пайызды құрады. Жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен Қазақстаннан тыс жерлерге аударымдардың жалпы санынан 88,2 пайыз (0,4 млн транзакция) және транзакциялардың жалпы сомасынан 87,0 пайыз (71,7 млрд теңге) болды. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 11,8 пайыз (0,05 млн транзакция) және жалпы сомасынан 13,0 пайыз (10,7 млрд теңге) жүргізілді. Қаралатын кезеңде шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 37,6 млрд теңге сомаға 0,2 млн транзакция алынды.

Похожие материалы