Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қант пен өсімдік майы бағасының көтерілуіне қатысты тексеру жүргізуде

Қант пен өсімдік майы бағасының көтерілуіне қатысты тексеру жүргізуде

Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі қант пен өсімдік майын көтерме бағамен сататындарға қатысты антимоноплиялық заңнаманы бұзды деген себеппен тексеру бастады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Бағаның алыпсатарлық өсіміне жол бермеу және азық-түлік тағамдарының жеткізіліміне кедергі келтірмеу жұмысының аясында қалыпты монополияларды реттеу және бәсекелестік қорғау комитеті монополияға қарсы заңнаманы бұзған жағдайларды анықтады", - деп жазылған хабарламада. Азық-түлік тауарлары нарығындағы кейбір субьектілерге қатысты тексеріс басталды. "Павлодар облысында өзара бағаға келіскен деген күдікпен 4 қант жеткізушіге қатысты тексеріс басталды. Шығыс Қазақстан облысында өсімдік майына монополиялық жоғары баға белгілеген нарық субьектісі тексеріліп жатыр",- деп хабарлады министрліктен.

Похожие материалы