Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық экономика министрлігі тауар бағасының өсу себебін түсіндірді

Ұлттық экономика министрлігі тауар бағасының өсу себебін түсіндірді

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz — Ұлттық экономика баспасөз хатшысы Самал Ибраева Қазақстандағы тауар бағасының қымбаттауына не әсер еткендігін түсіндірді. Оның сөзінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы жыл басынан бері 2%-ға мәлімдеді. 

«Басқаларға қарағанда сиыр еті мен қой еті қымбаттаған. Көкөністерден картоп, пияз және қырыққабат бағасы жоғарылады. Бағаның өзгеруіне әсер ететін фактордың бірі — қоймада сақтау қызметінің өсуі. Транспорт шығындары мен жанар-жағармайдың өсуі де ықпал етеді», — деді Самал Ибраева брифингте.

Оның атап өтуінше, қазір министрлік саудадағы жағдайды реттеуге қатысты заңнамалық өзгертулер құрастырып жатыр.

«Олар бағаның өсуіне кедергі болуы тиіс. Жаңа өзгеріс бойынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу құқығын жергілікті органдарға беру ұсынылып отыр. Осы арқылы олар өңірлердегі бағаның күрт өзгеруіне жылдам ықпал ете алады», — деп атап өтті ол.

Еске салайық, осы жылдың қаңтарындағы есеп бойынша жоғары сорттағы ұннан жасалған нан бағасы келісіне орта есеппен 217 теңге тұрған. Бұл 2016 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,6% артық. Ал қара бидай ұнына жасалған нан бағасы 7%-ға яғни келісіне 122 теңгеге қымбаттаған

Похожие материалы