Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шаруаларды мемлекет есебінен қаржыландыру тоқтамауы керек-ҰКП

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) шаруалар бәсекеге қабілетті болуы үшін мемлекеттік  қаржыландыру тоқтамауы керек деп есептейді. Бұл туралы ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан ауылшаруашылық министрлігінің дайындаған жалпы құны 40 млрд теңге болатын АӨК субъектілерінің субсидияларының бюджеттік өтінімі тек 50%-ға ғана мақұлдануы мүмкін, ал бұл болса шаругерлердің толық қаржыланбауына әкеп соғады. Бұл өз кезегінде өздері өндіретін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етпей қоймайды.Осыған орай кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы мемлекеттік қолдаудың азаймауын және бюджеттен АӨК субъектілеріне 40 млрд теңге есебінде қаржы бөлінуін сұрайды. Ағымдағы курс – 185,05/$1. АӨК субъектілерінің мемлекеттік қолдауы бойынша еліміз Ресей мен Белорусиядан қалып келеді, ал бұл дегеніміз қазақстандық шаруагерлерді бәсекеге қабілетсіз етіп көрсетеді дейді ҰКП. Сонымен бірге, кәсіпкерлер жаңа инвесжобалардың да қаржыландыруының тиісті дәрежеде болуына күмәнмен қарайды. Себебі, осыған дейінгі жобалардың да қаржыландыруы толық көлемді болмаған еді. Бұл жағдайда ағымдағы жобаларды 100% пайдалану үшін жағдай жасаған дұрыс. Соның ішінде, ретроспективті субсидияларды төлеу арқылы жасаған жөн дейді Ұлттық палата.

Похожие материалы