Астана. 2 ақпан. 7kun.kz – 2016 жылдың нәтижесі бойынша Ұлттық қордың кірісі мұнай бағасының арзандауына байланысты 30%-ға дейін немесе 1,1 трлн теңгеге дейін азайған (ресми курс- 324,36/$1). Бұл туралы Sberbank Investment Research сарапшылары айтып отыр.
"2017 жылы Қашаған кен орны есебінен Ұлттық қорға түсетін түсімдер артады деп болжап отырмыз. Егер үкімет қаржыны жұмсауда консервативті әдісті сақтайтын болса осы жылы мемлекеттік бюджетте тұрақты жағдай қалыптасады",- дейді Sberbank CIB сарапшылары.
Банк сарапшыларының шолуына сәйкес, өткен жылы Қазақстанның мемлекеттік бюджеті орташа шығындардың болуына қарамастан артқан.
Осылайша, 2016 жылдың нәтижесі бойынша кіріс 21,9%-ға немесе 9,3 трлн теңеге жеткен. Ал шығындар 17,5%-ға немесе 10 трлн теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ, Халықаралық валюта қорының әдістемесі бойынша шығындар 14,7%, 9,4 трлн теңгеге дейін өскен.
"Ресми ақпаратқа сәйкес, бюджет тапшылығы 737,7 млрд теңге ($2,1 млрд) немесе ЖІӨ-нің 1,6%-ын құрайды. Кіріс динамикасы қосымша құн салығынан түскен түсімдер есебінен қалыпты болды", - делінген шолуда.